АСТАНА. 6 наурыз. АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейганның жұбайы Нэнси Рейган 94 жасында қайтыс болды. Бұл туралы zakon.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
XX ғасырдың соңында АҚШ-тың бірінші ханшайымы болған Нэнси Рейганның қайтыс болғанын отбасы мүшелері растап отыр. Сондай-ақ, олар Нэнсидің соңғы жылдары денсаулығы қатты нашарлағанын да мәлімдеді.
Айта кетейік, экс-ханшайым кәсіби актриса. Ол 1952 жылы Рональд Рейганға тұрмысқа шыққан. Сол уақытта болашақ президент актер болған. Ал Рейган 1981-1989 жылдары АҚШ-тың президенті болды.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: zakon.kz.