• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2016

Тунисте лаңкестердің әрекетінен 50 адам қаза тапты

283 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 наурыз. Тунистің Ливиямен шекаралас жатқан Бен-Гердан қаласында лаңкестік ұйымдардың шабуылынан 50 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мерт болғандардың арасында 35 содыр, 7 бейбіт тұрғын және билік әскерінің 7 сарбазы бар. Сондай-ақ, 12 жасар баланың да қаза тапқаны анықталды. Куәгерлердің айтуынша, қалаға шабуыл жасаған лаңкестер ешкімге қарамастан оқ жаудырған, сондай-ақ, алға қойған мақсаттарына жету үшін барын салатындарын айтқан. Бұл іс жоспарлы түрде жүзеге асқан. Оқиға орнында әзірге тергеу амалдары жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, «Ирак пен Левант» экстремистік топтарының ісі болуы мүмкін. Қазір Бен-Гердан қаласында комендаттық сағат жарияланды. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын аталған топ Сирияның солтүстік-шығысындағы электр станциясын басып алып, тасжолды жауып тастаған. Сирияда Башар Асад үкіметі мен оппазициялық күштердің арасында бейбіт келісім орнады. Алайда, бұл келісімнің «Ирак пен Левант» лаңкестік ұйымына еш қатысы жоқ. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: news.mail.ru.