• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2016

Футболдан Қазақстан Суперкубогы. Онлайн-мәтін.

352 рет
көрсетілді

«Астана» (Астана) – «Қайрат» (Алматы) 8 наурыз. Астана. «Астана Арена» стадионы. Төреші: Равшан Ирматов (Өзбекстан). «Астана»: Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков, Евгений Постников, Марин Аничич, Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Патрик Твумаси, Джордже Деспотович, Дмитрий Шомко, Серікжан Мұжықов, Таңат Нөсербаев. «Қайрат»: Владимир Плотников, Исаэл Барбоза, Жерар Гоу, Анатолий Тимощук, Жарко Маркович, Бруно Соарес, Лукаш Тесак, Михаил Бакаев, Аслан Дарабаев, Бауыржан Исламхан. "Қайрат" ойын соңындағы пенальти бойынша жеңіске жетіп, футболдан 2016 жылғы Қазақстан Суперкубогын иемденді. Шешуші соққының авторы – Лукаш Тесак. Серікжан Мұжықовтың соққысын "Қайрат" қақпашысы қайтара білді. Анатолий Тимощук таразы басын теңестірді. Абзал Бейсебеков нәтижелі соққысымен "Астананы" қайтадан алға шығарды. Жерар Гоу да мүлт кетіп, шешуші соққыны жасай алмады. Твумасидің соққысынан кейін есеп теңесті. 3:3 Виталия Ли командасына Суперкубокты алып бере алмады. Оның соққысын Эрич қайтара білді. Астаналық Неманья Максимович допты қақпадан қиыс теуіп, қарсыластарына мүмкіндік сыйлады. Риера өз мүмкіндігін сәтті орындап, "Қайратты" есепте алға шығарды. Щеткиннің соққысына қақпашы Плотников тосқауыл бола білді. Он бір метрлікке Алексей Щеткин жақындап келеді. "Қайрат" ойыншысы Бруно Соарес те Ненад Эричтен айласын асырып, таразы басын теңестірді. Екінші болып "Астана" сапынан Аничич соққы жасап, мергендігімен көзге түсті. Есеп 1:1. Исламхан өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Допқа "Қайраттың" капитаны Бауыржан Исламхан жақындап келеді. Гол. Каньяс пенальти бойынша командасын алға шығарды. Пенальти. Алғаш болып "Астана" ойыншысы Рохер Каньяс тебеді. Екінші экстра-тайм аяқталды. Демек, футболдан 2016 жылғы Қазақстан Суперкубогының иегері пенальти арқылы анықталатын болады. 116-минут Ойыншылардың қимылдарынан олардың шаршағаны анық сезіледі. Соған қарағанда, футболшылар бұл есеппен келіскендей. Ендеше біздің ойын соңындағы пенальти күтіп тұр. 112-минут "Астананың" кезекті шабуылы сәтсіз аяқталды. Каньястың баспен жасаған соққысы нысанадан қиыс кетті. 107-минут Астаналықтар сапынан команда капитаны Таңат Нөсербаев алаңдағы орнын Берік Шайықовқа босатып берді. 106-минут Жерар Гоу ойын тәртібін бұзғаны үшін ескерту алды. 106-минут Екінші экстра-тайм басталды. "Қайраттың" бас жаттықтырушысы Бородюк мырза ойыншылар алмастырды. Атап айтқанда, Исаэльдің орнына алаңға Риера шықты. Бірінші экстра-тайм аяқталды. 103-минут Анатолий Тимощук ескерту алды. 102-минут Жерар Гоудың "Астананың" айып алаңындағы әріптесі Исаэлге шығарған пасы жетпеді. Алаң иелері қарымта шабуылға шыққанымен "Қайраттың" қорғаушысы Анатолий Тимощук қауіптің бетін қайтара білді. 100-минут Қайраттық Жарко Маркович "Астана" ойыншысы Рохер Каньясқа қарсы ойын тәртібін бұзды. 96-минут Патрик Твумаси қақпаны нысанаға алып көргенімен, доп діттеген жерден қиыс кетті. 91-минут Бірінші экстра-тайм басталды. 90+3-минут Ойынның негізгі уақытына төреші 3 минут уақыт қосқан. Қазір ол уақыт түгесіліп, командалар аздаған үзіліске шықты. Енді олар әрқайсысы 15 минуттан тұратын экстра-таймда бақ сынайды. 90+2-минут "Қайрат" ойыншысы Тесак Лукаш ескерту алды. 89-минут Ойыншылар алмасуда. "Астана" сапынан алаңға Алексей Щеткин мен Марк Гурман шықты. Олар тиісінше Джордже Деспотович пен Евгений Постниковты алмастырды. Сондай-ақ, 88-минут Ойынның негізгі уақытының аяқталуына 2 минут қалды. Әзірге гол соғылған жоқ. 78-минут Алматылықтар шабуылдауда. Ермек Қуантаевтың жойқын соққысына алаң иелерінің қақпашысы Ненад Эрич тосқауыл бола білді. 77-минут Жерар Гоу айып алаңының сыртынан соққы жасады. Алайда, доп қақпадан қиыс кетті. 70-минут "Астана" шабуылшысы Патрик Твумаси дөрекі ойыны үшін ескерту алды. 65-минут Аслан Дарабаевтың орнына алаңға "Қайрат" сапында Виталий Ли шықты. 57-минут "Астана" ойыншылары айып соққысын орындады. Патрик Твумасидің айып алаңына асырған добына Рохер Каньяс өзгелерден бұрын жеткен. Алайда, оның баспен бағыттаған добы қақпадан биік кетті. 50-минут Ойын барысында басымдық негізінен "Астананың" жағында екенін атап өткен жөн. Станимир Стойловтың шәкірттері жүйелі ойын өрнегімен "Қайраттың" қорғанысын бұзып өтудің амалын қарастыруда. 46-минут Екінші тайм басталды. Бірінші тайм аяқталды. 45-минут Бас төреші Равшан Ирматов бірінші таймға 1 минут қана қосты. 37-минут Астаналық Джордже Деспотович бұрынғы командасына қарсы сауатты ойнауда. Бұрыштан асырылған допты баспен қақпаға бағыттағанымен, оған дәлдік жетіспеді. 32-минут "Қайраттың" айып алаңындағы қарбалас сәт. Дегенмен, қақпашы Владимир Плотников шеберлігімен көзге түсті. 28-минут Жерар Гоу "Астана" айып алаңына тамаша пас шығарған. Алайда, соңғы сәтте Аслан Дарабаев допты қақпаға дұрыстап бағыттай алмады. 21-минут Ойындағы алғашқы ескерту қағазы "Қайраттың" ойыншысы Жарко Марковичке көретілді. 20-минут "Астана" капитаны Таңат Нөсербаев есеп ашатын тамаша мүмкіндікті мүлт жіберді. Ол екі қорғаушының ортасынан сытылып шығып, соққы жасаған. Десек те, доп қақпа бағанынан кейін серпілді. 13-минут Кездесудің бар болғаны 10 минуты артта қалды. Соған қарамастан, матч аса тартысты өтуде. "Қайрат" ойыншысы Исаэл аз-кем жарақат алып, алаңды тастап кетуге мәжбүр болды. 3-минут Таңат Нөсербаев қарсыластың айып алаңына емін-еркін еніп, соққы жасағанымен, есеп аша алмады. 1-минут Футболдан 2016 жылғы Қазақстан Суперкубогы үшін "Астана" мен "Қайрат" арасындағы матч басталды.