• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
08 Наурыз, 2016

Көкшетауда мерекелік жәрмеңке өтті

478 рет
көрсетілді

АҚМОЛА. 8 наурыз. Көкшетау қаласында Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орайластырып «Тәуелсіздік» және «Алтын Ғасыр» сауда үйі алаңдарында көктемгі жәрмеңке өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Шараға Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Шортанды аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен Көкшетау қаласының кәсіпорындары қатысты. Сондай-ақ, Аршалы ауданындағы «Ижевский» өндірістік кәсіпорны, Бурабай ауданындағы «Береке Агро» және Целиноград ауданындағы Capital Project Ltd жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арнайы шақырылды. Жәрмеңке алаңдарында 160 сауда нүктесі, 22 автокөлік 48 түрлі 356,1 тонна өнімді саудаға шығарды. Бұлардың жалпы құны 118,6 миллион теңгені құрайды. Мұның ішінде 76,8 тонна ет пен 18,2 сүт өнімдері, 64 тонна ұн, 35,5 тонна картоп, 45,2 тонна көкөніс, 15,5 тонна жарма, 13,5 мың литр өсімдік майы бар. Жәрмеңкеде әдеттегідей көркемөнерпаздар концерті және театрландырылған көріністер ұйымдастырылса, тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақтар таратылды. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz.