• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2016

Көкшетауда өсімдік майын шығаратын жаңа зауыт iске қосылды

298 рет
көрсетілді

АҚМОЛА. 9 наурыз. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы өсімдік майын шығаратын зауыттың іске қосылу салтанатына қатысты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өсiмдiк майын өндiретiн Blic Terminal жауапкершілігі шектеулі серіктестігі күнбағыс және рапс майын сауда айналымына қосты. Бүгiнде рафинадталмаған май түрiне де сұраныс артып келеді. Кәсiпорын майды 1 және 5 литрлiк полиэтилен құтыға құйып шығарады. Мұндағы 5 литрлiк майдың құны 1700 теңге, ал бiр литрлiк май 300 теңгенi құрайды. Жалпы, серiктестiк былтыр 15 мың литр май шығарған екен. Кәсiпорын қазір 52 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, Көкшетауда «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қуаттылығы ауысымына 500 келi қуырылған шекілдеуік шығаратын жаңа кәсiпорын да қызмет көрсетiп келедi. SUPERNUTS жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шикiзатты Ресейдің Алтай өлкесінен сатып алады. Ал, дайын өнiм Қазақстанның түрлi өңiрлерiне жөнелтiлуде. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: облыс әкімінің баспасөз қызметінен.