• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2016

Samsung және Philips 3D-теледидар шығармайтын болды

381 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 наурыз. Белгілі Samsung және Philips компаниялары 3D технологиясы бар теледидар шығарудан бас тартты. Бұл туралы iphones.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Forbes басылымының хабарлауынша, Philips басшылығы мұндай шешімге келгендерін Бельгияда өткен жиындардың бірінде айтқан. Компания директоры Дэнни Тэктің айтуынша, 3D технологияны қазіргі кезде ешкім қажет етпейді. Ал Samsung 3D технологиядан бас тартқаны жөнінде ресми хабарламасында мәлімдеген. Олар өз шешімін теледидардың мұндай түріне сұраныстың аздығымен және қажетті контенттің көп еместігімен түсіндірді. Осыған байланысты 3D теледидарларға арналған көзілдірік шығаруды екі есеге азайтты. Компания басшылығы сұранысқа ие болған квантты нүктелері бар дисплейлі SUHD TV теледидарына баса назар аударуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, осыған дейін LG компаниясы аталған технология түріндегі теледидарлар санын екі есеге азайтқан болатын. Аян Әбдуәли. Дерек: iphones.ru. Сурет: donbass.ua.