АСТАНА. 9 наурыз. Наурыз айының 10-12 наурыз аралығында еліміздің барлық өңірінде күн жылы болады. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері солтүстік, орталық, шығыс аймақтарға антициклон әсер етеді. Осыған байланысты бұл өңірлерде күн суытып, жауын-шашын болмайды. Алайда, 12 наурыз күні антициклонның кетуіне байланысты күн жылынады.
«Батыс аймақта алдымыздағы үш күн бойы циклон сақталып, кей жерлерде жауын жауады. Сондай-ақ, тұман, көктайғақ болады деген болжам бар. Ал Оңтүстік Қазақстанға атмосфералық фронттардың келуіне байланысты жауын жауып, таулы аймақтарға қар жауады», – деп мәлімдеді метеорологтар.
Айта кетейік, осыған дейін мамандар наурыз айында ауа температурасы -27 градусқа дейін суытатынын айтқан.
Аян Әбдуәли.
Дерек: «Қазгидромет».
Сурет: tengrinews.kz.