АСТАНА. 9 наурыз. Үндістанның оңтүстігінде Одишья штатына қарасты Бхубанешвар қаласында ірі жол апаты оқиғасы болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай үш бірдей жолаушылар автобусын соққан. Жедел жеткен құтқарушылар тобы 5 адамды көлік астынан аман алып шығарған. Сондай-ақ, 25 адам түрлі жарақат алды. Олар дер кезінде жақын маңайдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы тым ауыр.
Полиция қызметкерлері жүк көлігінің жүргізушісі қалғып кеткен деген болжам жасады. Қазіргі кезде оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр.
Айта кетейік, Үндістан жол апаты бойынша және осыдан қаза табушылар көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орында тұр. Бұл мемлекетте жылына 200 мыңға жуық тұрғын жол-көлік оқиғасының құрбаны болады.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: tvc.ru.