• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2016

«Астана» клубының ойындарына билет жаңа жүйемен сатылады

334 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 наурыз. «Астана» футбол клубы «Астана» президенттік клубымен бірлесіп, команданың ойындарына билет сатудың қолайлы жүйесін әзірледі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Енді жанкүйерлер билеттерді тәулігіне 24 сағат, дүниежүзінің кез келген жерінен интернет, телефонның мобильдік қосымшасы және еліміз бойынша орнатылған терминалдар арқылы алуға болады. Бұл «Астана» клубының мәдени-бұқаралық іс-шараларға билет сатушы «Тикетон» желісімен бірігіп жасалып отыр. Маусымның алғашқы матчтарынан бастап, футбол сүйер қауым үшін билеттер он-лайн тәртібінде «Тикетон» (ticketon.kz сайты немесе мобильдік қосымшалары) арқылы, клубтың сайтында (fca.kz), сонымен қатар «Тикетон» серіктестерінің көмегімен sports.kz және vesti.kz, nur.kz, zakon.kz, jam.kz, afisha.kz, yvision.kz және басқа да сайттарда, Қазақстанның ойын-сауық орталықтарында, Qiwi және Kassa24 терминалдары арқылы сатылады. Біріншіден, ойынды және «Астана Арена» стадионының кез келген секторында қалайтын орынды таңдау керек. Төлемді жүзеге асырғаннан кейін билеттің өзі ұялы телефонға және электрондық поштаға жолданады. Стадионға өту үшін жанкүйер тек қағаз бетінде басылған электрондық билетті көрсетеді. Футбол клубының әкімшілігі атап өткендей, футбол матчтарында билеттерді он-лайн тәртібінде ғана емес, «Астана Арена» стадионының кассаларында да ойын болған күні алуға болады. Билет ақысы 200 теңгеден бастап 2000 теңгеге дейін, секторға байланысты. 7 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін. Сонымен қатар 7-16 жас аралығындағы жеткіншектер, студенттер мен зейнеткерлер үшін олардың зейнеткерлік куәлік, туу туралы куәлік, студенттік билет болса билеттің бағасы 50 пайыз көлемінде жеңілдікпен сатылады. Бұған қоса, маусымдық абонементтер де сатуға шығарылады. Оның бағасы 3500 теңгеден бастап 34000 теңгеге дейін болады. Абонемент алған  адам Премьер Лиганың 16 ойынын, Қазақстан Кубогының барлық жергілікті ойындарын, сондай-ақ Чемпиондар лигасының квалификациялық раундтарының екі ойынын тамашалай алады. Билеттерді сатып алу мәселелері бойынша «Тикетон» компаниясына мына 8 7172 4763 50, 8 777733 53 53 телефондар арқылы  хабарласуға болады: Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: «Астана» футбол клубы. [caption id="attachment_28330" align="aligncenter" width="560"] Для Интернета[/caption]