• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2016

Қазақстан әскерилері Армия ойындарына дайындалып жатыр

335 рет
көрсетілді

АСТАНА. 9 наурыз. 35804 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Ресейдің Мәскеу облысының «Буньково» полигонында халықаралық армия ойындары кезінде өтетін «Қауіпсіз орта – 2016» байқауына дайындықты бастады. Байқауға қатысу үшін үш негізгі және бір резервтік есептоп іріктеліп алынды.  Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Конкурсқа дайындалу кезінде әскери қызметші химиктер барлау-химиялық машиналарда жеке жарысты, химиялық зақымдау қөзін іздестіруді, арнайы өңдеуді жүргізу мен атыс-шабуылдау жолағында мәрені, сондай-ақ эстафета мен атыс даярлығын пысықтайды. Әскери қызметшілерді іріктеу кезінде олардың психологиялық жағынан төзімділігі, дене күші мен атысқа дайындығына мән беріледі. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.