• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
09 Наурыз, 2016

Көкшетаудың палуаны халықаралық жарысқа баратын болды

260 рет
көрсетілді

АҚМОЛА. 9 наурыз. Көкшетаудың палуаны Николай Рублевский есіту қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің чемпионы атанып, Иранда өтетін халықаралық жарысқа жолдама алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақтөбе қаласында жуырда еркін және грек-рим күресінен республиканың ІІІ чемпионаты өткізілді. Жарысқа республика аймақтарынан жүзден астам спортшы қатысты. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандардың «Мерген» спорт клубының 10 тәрбиеленушісі Ақмола облысының намысын қорғады. Николай Рублевский 60 келілік салмақта чемпионаттың алтын медалін жеңіп алып, Қазақстан құрама командасының құрамына қабылданды. Енді ол алдағы мамыр айында өтетін халықаралық жарысқа қатысатын болады. Сондай-ақ, ақмолалық палуандар республикалық бәсекеде 3 күміс және 6 қола медальмен марапатталғанын айтады жаттықтырушы Ерсана Қапаров. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz.