АСТАНА. 9 наурыз. Бангладеште Ан-26 ұшағы апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Жүк тасымалдайтын ұшақ апатқа ұшырады. Әуе көлігінің бортында 4 адам болатын. Оның екеуі пилот, қалғандары экипаж мүшелері. Оқиға орнында балықшылар екі адамды құтқарып қалды. Алайда, біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмды. Екі адам іздестірілуде. Олардың бәрі Бангладеш азаматтары», – деді құқық қорғау органының қызметкері Хаджи Мухаммад Зейдар-ул-Алом.
Осыған дейін ұшақ бортында Ресей азаматтарының болғандығы туралы ақпарат тараған. Алайда, Читтагонг қаласындағы Ресей Федерациясының бас консулы Олег Бойко бұл мәліметті жоққа шығарды.
Айта кетейік, Кокс Базар және Джессор қалалары арасында жүк тасымалдайтын ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай теңізге құлады.
Аян Әбдуәли.
Дерек: РИА «Новости».
Сурет: lenta.ru.