Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Жапония елшісі Масаеси Камохарамен оның біздің еліміздегі дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Төрағаның орынбасары Қазақстан мен Жапония арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған белсенді және нәтижелі қызметі үшін дипломатқа алғыс айтты.
А.Бейсенбаев «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын орындаудың негізгі мәселелеріне негізделген Сенаттың заң шығару жұмысымен таныстырды.
Кездесу барысында ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы ынтымақтастықтың мәселелері де талқыланды. «ЭКСПО-2017: болашақтың энергиясы» халықаралық көрмесіне қолдау білдіргені үшін Жапония үкіметіне ризашылық білдірген Төрағаның орынбасары Астанада жапон компаниялары өздерінің жаңа жетістіктерін көрсету үшін көрменің мүмкіндіктерін барынша пайдалана алатынын жеткізді.