• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2016

Қостанайда «Мәңгілік ел» идеясы туралы дөңгелек үстел өтті

462 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 16 наурыз. Қостанайдағы Балалар шығармашылығы үйінде «Мәңгілік ел—болашақтағы біріңғай ұлттың рухани негізі» атты дөңгелек үстел басындағы мәжіліс Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың, Қазақстан халқы обылстық ассамблеясының мүшелері, жергілікті этномәдени орталықтар өкілдері, ғылыми-сараптау тобының мүшелерінің қатысуымен өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Саяси науқанда сайлауалды насихат жұмысын жүргізіп жүрген Қазақстан халқы ассамблеясы атынан Парламент мәжілісінің депутаттығына кандидат Ішкі істер министрінің орынбасары, орыс, славьян және казак ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Владимир Божко, Қызылорда қалалық оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, облыстық  аналар кеңесінің төрайымы Наталья Жұмаділдаева, «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ассамблея мүшесі Шаймардан Нұрымов ең алдымен еліміздің тыныштығына, оны мекен етіп отытрған түрлі ұлттардың татулығына ерекше тоқталды. Бір отбасы, бір әулет тұтас мемлекеттің кішкентай көрінісі іспетті. Татулықты ту еткен халқымыз «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деп түйген ғой. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы халықтар бірлігін, ұлттар татулығын ту етеді. «Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі Шаймардан Нұрымов: «Ұйғыр мен қазақ тарихта ешқашан да бірін біріне қылыш көтермеген екен. Қазақ жеріне түрлі тағдырмен бас қосқан ұлыстардың барлығы да бүгін де Қазақстанда тұрғаны үшін бақытты. Тыныштығы жоқ елдердіің қандай жағдайға жетькенін көріп отырмыз. Тату болсақ береке де, мереке де үзілмейді», – деді. Жиынға қатысқан қостанайлықтар да Парламент мәжілісі депутаттығына кандидат Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің пікірін қолдап, мемлекеттің мықтылығы да, «Мәңгілік ел» идеясының жүзеге асуы да тек халықтың жұдырықтай жұмылған бірлігіне байланысты екенін айтты. Нәзира Жәрімбетова. Дерек,сурет: egemen.kz.