• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2016

Пәкістанда автобус жарылып, 15 адам қаза тапты

222 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 наурыз. Пәкістанның солтүстік-батысында жолаушылар автобусы жарылып, үкіметтің 15 қызметкері қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қайғылы оқиға бүгін таңертеңгі уақытта Мардан қаласынан Хайбер-Пахтунхва провинциясының әкімшілік орталығы Пешаварға барар жолда болған. Жергілікті БАҚ өкілдері тағы 25 адамның түрлі деңгейде жараланып, ауруханалардың біріне жеткізілгендігін мәлімдеді. Жарылыс кезінде автобуста 40-тан астам адам болуы мүмкін деген болжам жасалды. Лаңкестік әрекетті әзірге ешқандай ұйым өз мойнына алған жоқ. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Сурет: 24.kz.