• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
16 Наурыз, 2016

БҰҰ Мария Шараповамен арадағы серіктестікті уақытша тоқтатты

262 рет
көрсетілді

АСТАНА. 16 наурыз. Біріккен Ұлттар Ұйымы белгілі теннисші Мария Шараповамен арадағы серіктестікті тергеу уақыты кезінде доғару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы eurosport.ru порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Біз Мария Шараповаға осыған дейін бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғысымызды айтамыз. Ол әсіресе, Чернобыль атом электр стансасындағы апаттан зардап шеккендерге көп көмегін тигізді. Алайда, келеңсіздіктерге байланысты тергеу уақыты кезінде Мария Шараповамен арадағы ерікті елші ретіндегі серіктестігімізді доғару туралы, әрі оның қатысуымен болатын бірқатар іс-шаралардың өтпейтіндігін хабарлаймыз», – дейді БҰҰ-ның өкілі. Айта кетейік, өткен аптада Мария Шарапованың допингке қарсы тексеру кезінде тыйым салынған мельдоний дәрісін қолданғаны анықталды. Осыған байланысты 12 наурыздан бастап барлық жарыстардан шеттетілді. Аян Әбдуәли. Дерек: eurosport.ru. Сурет: sport-express.ru.