• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Наурыз, 2016

91 жастағы әжей

288 рет
көрсетілді

ғылыми атағын 30 жылдан кейін алды Францияда тұратын 91 жастағы Коллет Бурлье 30 жылғы зерт­теу жұмысының нәти­же­сінде ғылым докторы деген ғы­лыми атаққа қол жеткізді. Дис­сертация қор­­ғау Франш-Конте уни­верситетінде жүзеге асы­рылған. Зерттеу жұмысы Ба­зан­сонда XX ғасырдың екінші жартысында еңбек еткен мигранттар өміріне арналған. Ғалым оны түгелдей қолымен жазып шыққан. Ғылыми кеңес жұмысқа жоғары баға берген. Соның негізінде зерт­­теуші ака­демиялық дә­­режені өте жақсы қор­ғап шыққан. Колетт Бурлье 1925 жылы Лион қаласында туған екен. Ол аталған еңбегін жазуды осыдан 30 жыл бұрын бас­тапты. «Бұл бір 30 жыл уақыт бойы дайындалған ерек­ше жұмыс екен. Оны 60 жасында бастаған із­де­ну­ші осынша уақытта ай­тар­лықтай нәтижеге қол жет­­кізген», – деді ғы­лыми же­­тек­­­шісі Серж Ормо. Әдетте диссертация үш жыл­да жазылып шығуы керек. Демек, бұл жерде жасы ұл­ғайған кісінің еңбегі еске­ріліп отырса керек. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.