АСТАНА. 18 наурыз. Алматының «Қайрат» командасы белгілі футболшы Андрей Аршавинмен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Қайрат» Ресей елінің ойыншысымен 1+1 жүйесі бойынша келісімге келді. Ол 28 нөмірде өнер көрсететін болады.
Андрей Аршавин мансабын Санк-Петербуртің «Зенит» командасынан бастаған. 2008 жылы осы команданың сапында жүріп УЕФА Суперкубогында жеңіске жетті. Сондай-ақ, сол жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. Араға бір жыл салып, 2009 жылы Англияның «Арсенал» клубымен келісімшартқа отырады. Бұл командада 100-ден астам матч өткізеді. Осыдан соң, 2013 жылы «Зенитке» қайта оралады. Ал 2015 жылы «Кубаньға» ауысып, 2016 жылдың ақпан айына дейін өнер көрсетті.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі.