Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Отырыста қаралған мәселелерінің айтарлықтай блогы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның ЕАЭО органдарына төрағалығы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына Үндеуінде келтірілген бастамалармен сәйкеседі.
ЕЭК Кеңесінің мүшелері ЕАЭО рыногындағы кедергілерді, алуларды және басқа да шектеулерді жою мәселелерін талқылады, орын алып отырған шектеулер мәліметтерінің электронды базасын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Болашақта Одақ мемлекеттерінің бизнес-қауымдастығы кедергілерді жою жөніндегі жұмыс барысымен онлайн режімінде танысу мүмкіндігіне ие болмақ.
Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар өнеркәсіп саласында болашақта еуразиялық технологиялық тұғырнама құру мүмкіндігін де талқылады, ол мемлекеттің қолда бар инновациялық әлеуетін тиімді пайдалануға, өзара тиімді өнеркәсіптік кооперация үшін негізді қамтамасыз етуге жағдай жасайтын болады.