• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2016

Жүздесулер мен әңгімелесулер

294 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комис­сиясының төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Шанхай ынтымақтастық ұйымы Байқаушылар миссиясының басшысы А. Носировпен кездесті. Кездесуге, сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының бас сарапшысы М.Асейинов қатысты. Кездесу барысында Ортсай­лауком төрағасы миссия басшысын Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен жұмысымен толық таныстырды. «Электораттық науқан кезеңдері заңнамада көзделген тәртіпте өтуде. 18 наурыз күні сағ.24:00-де сая­си партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті аяқталады. БАҚ-қа мониторингтің алдын ала қорытындылары көрсеткендей, тұтас алғанда, біз сайлауға қаты­сушы саяси партиялардың барлы­ғына бұқаралық ақпарат құрал­дарына тең қол жеткізуін қамта­масыз ете алдық. Кеше Орталық сайлау комиссиясы бекіткен рег­л­аментке сәйкес алты саяси партия теледидарлық пікірсайысқа қатысты. Үгіт жұмысының мұндай нысаны сайлау туралы заңда көзделген», – деп атап көрсетті Қ.Тұрғанқұлов. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауды байқау бойынша ШЫҰ Миссиясының басшысы ШЫҰ Миссиясы осы ұйымның беделді мүшесі болып табылатын Қазақстандағы сайлауға мониторинг жүргізуге белсенді қатысуға ниет білдірді. А.Носиров, сондай-ақ, сайлауды ұйымдастыру деңгейіне және қазақстандық БАҚ-тардың сайлау науқаны кезіндегі қызметіне баға берді. «Біз дайындық рәсімдерінің маңыздылығы мен мұқияттылығын атап өттік. Біздің миссия сайлауды байқауды қазақстандық заңнама шеңберінде және халықаралық өлшемдер негізінде жүргізеді», – деді ол кездесу соңында және Орталық сайлау комиссиясы мен Қазақстандағы сайлауды ұйымдастырушылардың барлығына сәттілік тіледі.