АСТАНА. 20 наурыз. Бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Соған орай дауыс берушілерге 9840 сайлау учаскесі қызмет көрсетуде. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Шет мемлекеттердегі Қазақстан азаматтары үшін 65 сайлау учаскесі құрылса, соның төртеуі Қытайда орналасқан. Атап айтқанда, Қытай астанасы – Бейжің, Шанхай, Үрімжі және Гонконг қалаларында отандастарымыз өз таңдауларын жасады.
Қытайдағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Манарбек Қабазиевтің айтуынша, Бейжіңдегі №207 сайлау учаскесіне 2 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де жұмысын бастаған учаскеге аталған қаладағы Қазақстан азаматтары келіп, дауыс берді. Олардың арасында Бейжіңге жолсапармен барған «Егемен Қазақстан» газеті интернет-редакциясының қызметкерлері де бар.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: egemen.kz.