• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Наурыз, 2016

Қазақстан xалқы Ассамблеясының кезектен тыс XXIII сессиясы басталды

317 рет
көрсетілді

АСТАНА. 21 наурыз. Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан xалқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттарының кезектен тыс сайлауы» күн тәртібімен Ассамблеяның кезектен тыс XXIII сессиясы өз жұмысын бастады. Бұл туралы kazinform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сессияда «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» конституциялық заңының 93-1-бабына сәйкес, Ассамблея мүшелері Ассамблея сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына Қазақстан xалқы Ассамблеясы кеңесі ұсынған кандидаттар үшін дауыс беруді бастады. Онда елдің барлық өңірдерінен, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатарынан құралған Қазақстан xалқы Ассамблеясы мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымнан тұратын делегациялар, елімізде тіркелген xалықаралық байқаушылар мен шетелдік БАҚ өкілдері қатысуда. Сағат 07:00-де Астана қаласының қалалық сайлау комиссиясы Бейбітшілік және келісім сарайында Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша арналған пунктті ашты. Айта кетейік, Парламент Мәжілісінде 107 депутат бар, оның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеиясы атынан сайланады. Еске сала кетейік, Қазақстан xалқы Ассамблеясы атынан 9 үміткер: Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы, Божко Владимир Карпович, Жұмаділдаева Наталья Васильевна, Ким Роман Ухенович, Микаелян Наринэ Гамлетовна, Мурадов Ахмед Сейдарахманович, Нурумов Шаймардан Усаинович, Тимощенко Юрий Евгеньевич, Хахазов Шакир Хусаинович тіркелген болатын. Талғат Райымбек. Дерек: kazinform.kz. Сурет: khabar.kz.