• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Наурыз, 2016

Шетелде қашып жүрген Қазақстан азаматтары ұсталды

328 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 наурыз. Ішкі істер министрлігінің ТМД елдерімен жасаған келісіміне сәйкес, 16-17 наурыз аралығында «Іздестіру» бірлескен операциясы өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Соның нәтижесінде 369 іздестірудегі қылмыскер анықталып, ұсталды. Оның ішінде кісі өлтіргені үшін 8 қылмыскер, денсаулыққа ауыр зиян келтірген 12 отандасымыз, қарақшылық шабуыл жасаған 9 адам, тонаумен айналысқан 26 және террористік қылмысқа қатысы бар 3 адам тұтқындалды. Ресейде 15 қылмыскер, Қырғызстанда 7 және Өзбекстанда 4 адам ұсталды. Ресей Федерациясының Иванов және Свердловск облысында екі қылмыскер ұсталды. Біріншісі 2002 жылы 29 шілде күні Петропавлда адам өлтірген қылмыскер болса, екіншісі осы қалада 2005 жылы маусым айында «СЭН» дүкеніне ұйымдасқан топта қарақшылық шабуыл жасаған.  Екеуі де Солтүстік Қазақстан облысы ІІД іздестіруінде болған. Сонымен бірге Ресейдің Ростов облысында былтыр желтоқсан айынан бастап шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысы бар Қостанай облысы ІІД-нің іздестіруіндегі адам ұсталды. Краснодар аймағында 2015 жылы 27 маусымда Шымкент қаласында кісі өлтірмек болған Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің іздестіруіндегі адам тұтқындалды. Қырғыз Республикасының Нарын облысында 2014 жылы тамыз айында аса көп мөлшерде есірткі құралдарын өткізіп, контрабандамен айналысқаны үшін Жамбыл облысы ІІД-нің іздестіруіндегі адам тұтқынға алынды. Маңғыстау облысының ІІД адам саудасымен айналысқаны үшін 2010 жылдан бастап Қарақалпақстан Республикасы ІІМ-нің іздестіруіндегі адамды ұстады. Мәскеу қаласында аса үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2014 жылдан бастап Астана қаласы ІІД-нің іздестіруінде болған адам тұтқындалды. Дастан Кенжалин. Дерек: Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Сурте: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e