• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2016

Жаңашылдық – уақыт талабы

330 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт Жоспарының «100 нақты қадамын» белгілеп, ертеңгі күн­нің болжамын жасап бергені мәлім. Бұл күнде Қазақстанды әлем­­дегі аса дамыған 30 елдің қата­­рына енгізетін жоспарды жү­зе­­ге асыруға біз, жетісулықтар да үлес қосу үшін жұмыс істейтін боламыз. Мемлекет басшысының «Бізге дол­лар емес, теңге маңыз­ды» дегені көп жайды аңғарта­ды. Менің ғана емес, әрбір қазақ­стан­дық­тың көңілін дөп басып, рух­­тандырған қанатты сөзі бір­тін­деп ұлттық валютамыздың құн­ды­лығын көтеруге ықпал етер деп те ойлаймын. Отандық өнім­дер­дің, оның ішінде құрылыс жұ­мыс­тарын жүргізуге өте қа­жет­ті материалдар бағасының көп қым­баттамауы, азық-түлік құнының аса шарықтамай, бірдей дерлік дең­гейде сақталуы да ертеңгі күн­ге деген сенімімізді нығайта түсті. Бүгінде Мемлекет басшысы елімізді әлемдік дағдарыстан көп қиындықсыз алып шығудың бар мүмкін жолын қарастыру үстінде. Осының бәрі, түптеп келгенде, елдің Елбасына деген құрметін арттырып, сеніміне сенім қосуда. Осының бәрін қорыта отырып түйген ойым, мемлекеттік саясатқа сай төл міндетімізді адал атқарып, еліміздің дағдарыстан аман өтуіне өзіндік үлесімізді қосу перзенттік парызымыз деп санай­мын. Елбасы «Ұлт Жоспары – қазақ­стандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақа­ласында да егжей-тегжейлі баян­дап бергеніндей, әр саланың қыз­м­еткері өзіне тиесілі бөліммен мұқият танысса, алдағы жұмысын нақты анықтай алады. Қазіргі таңда дүниежүзіндегі мем­лекеттер өте ауыр кезеңді ба­сынан өткеруде. Мұнайдың баға­сы еңсе тіктей алар емес. Жұ­мыс­сыздық әлем елдерін тық­сыра түсуде. Оның үстіне, Таяу Шы­ғыс елдеріндегі қақтығыстар ушығып, соның салдарынан Еуро­пада босқындар қаптап кет­ті. Бұл Кәрі құрлықтағы жағ­дай­ды тығырыққа тіреп отыр. Ал Елбасы «Ұлт Жоспарына» бай­ла­­нысты бағдарламалық мақа­ласында жаһандық дағдарыстан ешбір мемлекеттің құтыла алмайтынын айта келіп, әрбір Қазақстан азаматының елдегі қиындықтарды еңсеру бағытындағы жұмыстарға жұмыла атсалысуы керектігін атап көрсеткен болатын. Жаһан­дық дағдарысқа төтеп беру­дің бірден-бір жолы – Бес инсти­тут­тық реформаны жүзеге асыру бағы­тында қабылданған заңдарды қол­данысқа енгізіп, оның мінсіз орындалуын қамтамасыз ету. Соның бірі – Еңбек кодексі жаңа жылдан бастап күшіне еніп отыр. Қызу талқылаудан өткен жаңа заңнамада көптеген өзгерістер мен толықтырулар бар. Елбасының Бес институт­тық реформасын жүзеге асыру жөнін­­дегі «00 нақты қадам» Ұлт Жоспары тапсырмасы, Қазақ­­­станның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіріп, Еуразиялық эко­номикалық одақ туралы келі­сім­шартқа сәйкес міндет­те­ме­лер қабылдағаны осы жаңа Еңбек кодексінің күшіне енуіне не­гіз­гі алғышарттар жасағаны бел­гі­лі. Бұл міндеттемелер ішкі заң­намамызды тиісті халықаралық ұйымдарда қолданылатын нормалармен және стандарттармен үйлестіруді талап еткен еді. Сондықтан да, Еңбек кодексіне әлемдік іс-тәжірибеде кеңінен қолданылатын құқықтық институттар енгізілгенін білген артық болмайды. Еңбек қатынастарын құқықтық жағынан реттеу ісі зор икемділікті, үйлесімділікті талап етеді. Жалпы, ұжымдық ке­лі­­сімшарттық қатынастарға үл­­кен мән беріліп, қызметкердің ең­­­бек­тегі және әлеуметтік мүд­де­­­лерін қорғау жөнінде жұмыс беру­ші­лермен өзара болатын келіс­­сөз­дерде кәсіподақтардың рөлі заң­нама шеңберінде көрсетіледі. Еңбек келісімшарты қашанда еңбек құқының негізгі институты болып саналған. Бұл кодексте еңбек келісімшартының мерзімі түбегейлі қайта қаралған, атап айтқанда, келісімшарт мерзімі аяқталғанда тараптар оны нақты мерзімге немесе белгіленбеген уа­қыт­қа ұзартуға құқылы. Еңбек келі­сімшартының мазмұнынан өте­мақылық және кепілді төлем­дер, қамсыздандыру туралы шарт­­тар жайлы міндетті түрдегі тар­мақтар алынып тасталды. Кодекс­тің жаңашылдығы – уақыт талабы.  Тұратбек ШАРАПИЕВ, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. ТАЛДЫҚОРҒАН.