• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2016

*Сайлау – 2016

408 рет
көрсетілді

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бүкілресейлік «Единая Россия» саяси партиясының және жеке өзімнің атымнан Сізді, «Нұр Отан» партиясының басшылығы мен барлық мүшелерін VI шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауындағы жеңісімен құттықтаймын. Сайлаушылардың «Нұр Отан» үміткерлеріне берген сенімді басым дауысы Сіздің басшылығыңызбен партия жүзеге асырып келе жатқан стратегиялық бағыт пен кең ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыртулар бағдарламасына деген бүкілхалықтық қолдаудың айғағы болып табылады. Қазақстан азаматтары Сіздің Ресей Федерациясымен кең ауқымды әріптестікті нығайту, Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді тереңдету бағыттарында жүргізіп келе жатқан жұмыстарыңызға сенетіндіктерін қуаттап берді. «Единая Россия» мен «Нұр Отан» партияларының 2015 жылдың маусым айында Өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойып, бекітілген ежелгі және берік байланыстар елдеріміз арасындағы жемісті ынтымақтастықтың әрі қарай да дәйектілікпен дами беруіне ықпал ететінін ерекше атап өткім келеді. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз бен «Нұр Отан» партия­сына бауырлас Қазақстан азаматтарының игілігі жолындағы қызметтеріңізде жаңа табыстар тілеймін. Шынайы құрметпен, Д.МЕДВЕДЕВ, «Единая Россия» партиясының төрағасы.   Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесіне ҚҰТТЫҚТАУ Қытай Коммунистік партиясының атынан «Нұр Отан» партиясын VI шақырылған Қа­зақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауындағы жеңісімен құттықтаймыз. Біз «Нұр Отан» партиясының Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ету жолында талмай күш-жігер жұмсап, елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуында маңызды рөл атқаратын негізгі күшке айналғанын қуанышпен атап өтеміз. Біз жаңа ахуалдық жағдайда «Нұр Отан» партиясы өзінің миссиясын толықтай ақтап, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы барлық стратегиялық мақсаттарды табысты орындайтынына нық сенімдіміз. Қазіргі таңда Қытай мен Қазақстан арасындағы кең ауқымды стратегиялық қарым-қатынастар серпінді даму үстінде және екі елдің саяси сенімі мен барлық бағыттағы ынтымақтастығы дәйектілікпен нығайып келеді. Қытай Компартиясы мен «Нұр Отан» партиясы арасындағы тығыз байланыстар мен достық қарым-қатынас өрістей түсуде. Біз «Нұр Отан» партиясымен достық байланыстарымыздағы өзара іс-қимылымызды оң бағалаймыз және онымен бірлесе отырып, екіжақты қарым-қатынасты дамытуға өз үлесімізді қосуға дайынбыз. Қазақстан Республикасына зор әлеует, байлық және өсіп-өркендеу, ал оның халқына бақыт пен игілік тілейміз! Қытай Компартиясы мен «Нұр Отан» партиясы арасындағы достық пен ынтымақтастық тұрақты түрде өсіп, нығая берсін! Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті Бейжің, 2016 жылғы 21 наурыз