• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2016

Қандағы қанттың құрамы енді тез анықталатын болды

656 рет
көрсетілді

Ғалымдар ойлап тапқан құ­рылғы қандағы қант құра­мының деңгейін оңай, әрі әп-сәтте анықтай алады. Сондай-ақ, инновациялық жоба дене­дегі сұйықтықты басқаруға да мол мүм­кіндік береді. Оқы­мыс­ты­лардың айтуынша, атал­ған те­тік­тің жақсы жұмыс істеуі үшін науқас жіпсіп, тер­леуі керек. – Бұл құрылғыны жасап шы­ғаруда біз сан түрлі тәжірибе жүргіздік. Соның нәтижесінде қант диабетімен ауыратын нау­қастың қан құрамы құрылғы ар­қылы бақыланады, – деді оңтүс­тіккореялық ғалымдар. Айта кетейік, адам денесіне жаңа құрылғының бақылаушы тетігі орнатылады. Сол ар­қы­лы дәрігерлер науқастың кө­ңіл-күйін, дертпен күресу мүм­кіндігін біліп отырады. – Тәжірибе кезінде біз нау­­қастың денесіндегі қант құра­мының артқанын байқа­дық. Сондықтан, тетік арқы­лы қан­дағы глюкозаларды ыды­ратып, қант мөлшерін тө­мендеттік. Бұл ем жүргізу тәсі­ліміз оң нәтиже берді, – дей­ді ғалымдар. Сондай-ақ, олар бұл тәжірибені екі ер аза­матқа жүргізіп, құрылғының дәл жұмыс жасайтынына көз жеткізген. Оңтүстіккореялықтардың ж­е­­тістігіне шетелдік ғалымдар қы­­зығушылық танытуда. Қант диа­бетімен сырқаттанатындар үшін аталған медициналық құрылғы алдағы жылдары қол­данысқа енуі ықтимал. Әзір­ге олар бұл жобаны әлі де жетіл­діруді көздеп отыр. Төребек ТҰРМАНОВ.