ШЫМКЕНТ. 24 наурыз. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының жаңадан сайланған депутаттары өздерінің алғашқы сессияларын өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алтыншы шақырылымның алғашқы сессиясында депутаттардың ұйғарымымен мәслихат хатшысы болып Хамитбек Айтөреев сайланды.
Сайлау нәтижесіне келсек. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиевтің айтуы бойынша халық таңдау жасаған облыстық мәслихаттың 50 депутатының 48-і «Нұр Отан» партиясы, екеуі «Ақжол» партиясының өкілі. Бұған қосымша айтарымыз бұрынғы депутаттарың 35-і қайта жеңіске жетсе, 14 депутат жаңадан сайланған.
Бұл жолғы депутаттар корпусында тағы да жалғыз әйел жеңіске жеткен. Ол «бір өзі он ер депутатқа татитын» Рәшкүл Оспанәлиева.
Әріптестері кәсіпкер ханым туралы осылай деп әзілдейді.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz