• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2016

Павлодар облысының әкімі тағайындалды

386 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 25 наурыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Өңір активіне жаңа басшыны Премьер-министр Кәрім Мәсімов және Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин таныстырды. Болат Жұмабекұлы Бақауов облыстағы Железин ауданында 1971 жылы туған. 2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы, 2005 жылы Халықаралық бизнес академиясын экономика және кәсіпорындарды басқару мамандығы бойынша тәмамдады. Еңбек жолын 1988 жылы бастады. 1993 жылдан 2008 жылға дейін шағын құрылымдарда басшылық қызмет атқарды. 2008 жыл Қашыр ауданының, 2011 – 2014 жылдың сәуір айына дейін Ақсу қаласының әкімі, 2014 жылғы сәуірден қазіргі уақытқа дейін Павлодар қаласының әкімі болды. 2003 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облыстық мәслихатының III-IV шақырылымдарының депутаты болған. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.