Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Яхияқызы Балиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Владимир Сергеевич Школьник Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Владимир Карпович Божко Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен;
Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары қызметінен босатылды.