• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2016

Кешкі астың құны – 353 мың доллар

368 рет
көрсетілді

Әлем-жәлем әлем АҚШ-та президенттіктен үміткер Хиллари Клинтонмен, сондай-ақ, актер Джордж Клунимен және оның адвокат әйелі Амальмен қайырымдылық кешінде дастарқандас болып отырғысы келетіндерге 353 400 доллар ақы төлеу ұсынылды. Аталмыш шара 15 сәуір күні Калифорнияда тұратын кәсіпкер Шервин Пишевардың үйінде өтеді. Ертеңіне Клинтон мен ерлі-зайыпты Клунилер бұлардың соңғыларының отбасында кездеседі. Сол күні Голливуд жұлдызымен бір үстелдің үстінде отыруға құштарлар тағы 33 мың доллардан төлеулері тиіс. Италия түрмесінде дәмді тағамдар рестораны ашылды Милан провинциясындағы Боллате деп аталатын түрменің ғимаратында алуан түрлі дәмді тағамдар дайындайтын ресторан пайда болды. InGalera («Каторгада») деген атау берілген қоғамдық тамақтандыру мекемесі өзінің осы атын толық ақтайды. Мұның мәні – ресторанның барлық жұмыстары түрмеде жазаларын өтеп жатқандардың иықтарына ілінген. Түрме басшылығы мұның қамауда отырғандардың қоғаммен қарым-қатынасын орнықтырып, өздерін дұрыс жолға салып жіберу үшін жасалып отырғанын айтады. «Ноу Камп» Йохан Кройфтың құрметіне берілуі тиіс Испанияның «Барселона» клубының жанкүйерлері әлеуметтік желі арқылы «Ноу Камп» стадионына аты аңызға айналған футболшы Йохан Кройфтың есімін беруді талап етіп жатыр. Наурыздың 24-і күні 68 жасында бақилық болған голланд футболшысы 1973 жылдан «Барселона» сапында 5 маусым ойнағанынан бөлек, 1988-1996 жылдары осы клубты бас бапкер ретінде өзі жаттықтырып, оны Испанияның 4 дүркін чемпионы да еткен болатын. Қазіргі күннің еркектері – көңілшек Осы заманғы ер кісілер өз әкелеріне қарағанда, көңілшек болып шықты. Мұны Universal Channel телеарнасы 2000 адамның қатысуымен жүргізген сауалдама анықтады. Хабар барысында мамандар қазіргі кездегі еркектердің қоғамдық орындарда өз әкелеріне қарағанда, көздеріне жас­ты көбірек алатынын аңғарыпты. Орта жастағы ер кісілер 14 рет көздеріне қол орамалдарын апарса, аға ұрпақ өкілдері мұны небәрі 5 рет жасаған. Жас жігіттер түкке тұрғысыз нәрсеге бола көздерін сулап қоя салмай, арасында еңіреп жылап тұрған. Футбол ойнайтын – балалар, төбелесетін – әкелері Англияның Уэст-Мидлендс графтығындағы Хейлсовен қаласында балалар футбол матчының соңы ата-аналар төбелесімен аяқталды. Жастары 14-ке дейінгі жасөспірімдердің ұжымдары кездесіп жатқан. Кездесудің бітуіне 5 минут қалғанда төреші командалардың бірінің қақпасына үш рет пенальти белгілеп, тағы екі ойыншысын алаңнан қуады. Бұған ашуланған ата-аналар арбитрге бас салады. Бұл сүргінге қарсы команда ойыншыларының ата-аналары да қосылып кетеді. Алкогольді аздап ішудің пайдалы екені бекер сөз Ұлыбританиядағы Виктория университетінің мамандары алкогольді аздап ішіп тұру адам ағзасына пайдалы екені туралы мифтің күлін көкке ұшырды. Ғалымдар бұған адамдарды әртүрлі топтарға бөліп, оларға әр қилы деңгейде спиртті ішімдік ішкізіп көру арқылы жүргізген тәжірибелерінің негізінде көз жеткізді. Тәжірибе алкогольдің қандай мөлшердегісі де адамға пайда әкелмейтінін айғақтап берген. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.