• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
26 Наурыз, 2016

Атырау облысының әкімі тағайындалды

330 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 26 наурыз. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Атырау облысының әкімі болып Нұрлан Ноғаев тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин облыс активіне аймақтың жаңа басшысын таныстырды. Мұның алдында Үкімет басшысы жаңа әкімнің кандидатурасын облыстық мәслихат депутаттарының талқысына ұсынды. Депутаттар өз кезегінде Нұрлан Ноғаевтың кандидатурасын толық қолдап, бірауыздан дауыс берді. Облыс активімен кездесуде Кәрім Мәсімов облысты 4 жылға жуық басқарған Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жаңадан жұмысын бастаған VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің төрағалығына сайланғанын хабардар етті. Осыған байланысты Елбасының отандық экономика үшін стратегиялық маңызы айрықша зор облыс басқару жөніндегі таңдауы  Нұрлан Ноғаевқа түскенін атап өтті. Жиында Бақтықожа Ізмұхамбетов те, Нұрлан Ноғаев та Мемлекет басшысына сенім көрсеткені үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта да ел мүддесі үшін еңбек ете беретіндерін жеткізді. Айта кетейік, Нұрлан Ноғаев бұған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі болған. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Фото: oraloniri.kz.