АСТАНА. 28 наурыз. Түркияның Ыстамбұл қаласында лаңкестікке қарсы шеру өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Онда 8 футбол клубының жүздеген фанаты бірігіп, Анкара мен Ыстамбұлда болған лаңкестік шабуылды айыптады. Футбол жанкүйерлері Ыстамбұлдың орталығымен жүріп өтті. Осы жерде бірнеше күн бұрын 5 адам қаза тапқан. Одан бұрын Анкарада лаңкестердің кесірінен 37 адам қаза тапқан болатын.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: euronews.com