• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2016

Қостанайда полицейлер арасында қазақ тілінен сайыс өтті

394 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 28 наурыз. Қостанайда полицейлер арасында қазақ тілінен жарыс өтті. Жарыс тақырыбы Нарурызға арналды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қостанай қаласындағы тіл үйрету орталығында жергілікті полицей қызметкерлері үшін қазақ тілінен Наурызға аналған ашық сабақ өтті. Онда полицейлердің тек тіл білу ғана емес, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетуде олардың актерлік қабілеттері де сынға түсті. Жарысқа қатысушылар «Ай» және «Күн» деген екі командаға бөлінді. Оқытушы Светлана Бекбосынованың айтуынша, сабақ бағдарламасы полицейлердің кәсібіне арналып жасалды. Мысалы, алғашқы тапсырмада ауа райының қолайсыздығына байланысты репсубликалық даңғылдар жабылады деген хабарламаны қазақ тілінде жүзеге асыру, қажетті орындарға жеткізу тапсырылды. Оны сержант Самат Досболов бірінші болып орындады. Полиция сержанты Самат Досболов: «Мен тіл үйрету орталығында екінші жыл қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мұнда тек ауызекі тіл ғана емес, әдеби тілді де меңгеруге тырысамыз. Мен өз қызметімде қазақ тілінің қажеттілігін сезініп жүрмін», – деді. Облыстық тіл үйрету орталығында 200 полицей дәріс алады. Жыл сайын департаменттің жеке құрамы тіл үйрену бойынша бастауыш, жалғастырушы және жетілдіруші болып үш топқа бөлініп оқиды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.