• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2016

Қарағандыда үш ай бұрын жоғалған жігіттің мүрдесі табылды

312 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 28 наурыз. Қарағандыда үш ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен Айбек Мұстақаевтың мүрдесі табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын Айбек Мұстақаев 2016 жылдың 3-қаңтар күні жоғалып кеткен болатын. Ол өзінің қалыңдығымен кездесу үшін үйінен шығып, содан қайтып оралмаған. Марқұмның мүрдесін қоқыс төгетін жерден бір қаңғыбас тауып алып, полицияға хабарлады. Айбек Мұстақаевтың туыстары белгісіз біреулер оны қинап өлтірген болуы керек деген болжам айтты. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.