• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2016

Қарағандыда діни ұйымды насихаттағандар сотталды

314 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 28 наурыз. Қарағандыда «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымын насихаттағаны үшін облыстың үш тұрғыны сотталды. Бұл туралы Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық №1 соты Қылмыстық кодекстің 405-бабы, 1-тармағы бойынша айыпталған үш тұрғынға қатысты үкім шығарды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сотталушылар Қазақстанда 2003 жылдан бері «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйымының іс-әрекетіне заңмен тыйым салынғанын біле тұра, оның идеяарын облыс көлемінде белсенді түрде насихаттап келген. Қазыбек би аудандының №1 соты аталған ұйымның жергілікті топбасшысын екі жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ал оның екі серігі екі жылға сотталды. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық соттың баспасөз қызметі. Фото: z-city.com.ua.