ШЫМКЕНТ. 28 наурыз. Оңтүстік Қазақстанда 2014-2015 жылдары сатылуға жататын 14 нысанның ішінде құны 523,7 млн. теңге болатын 10 нысан сатылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Т.Телғараевтың айтуынша, мемлекеттік меншікте болғанымен пайда бермейтін, бюджетке салмақ түсіретін нысандарды жеке қолға өткізу жалғасын табады. Атап айтқанда, «Шымкент» ӘККҰҚ» құрамындағы бес ұйымды қосқанда жиырма төрт ұйым бәсекелестік нарығына беріледі.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, сурет: egemen.kz