• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2016

Ұлттық валютаға көбірек ден қойған маңызды

293 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ, елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады. Қазақстан Президенті қара­жат­ты қазіргі уақытта ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты. – Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал шетел ва­лютасындағы салымдарда ол әлде­қайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, сату операция­лары жә­не еңбекақы төлемдері ұлттық ва­лютамен жүзеге асырылады. Негіз­гі тауарлардың бағасы тұрақты. Сон­дықтан қаражатты теңгемен сақ­тау барлық жағынан тиімді. Халық­тың ұлттық валютаға көбірек ден қойғаны маңызды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Д.Ақышев наурыз айында валюта нарығындағы ахуал тұрақтал­ғанын атап өтті. – Мұнай бағасы, сауда серік­тестеріміз болып саналатын елдердегі валюта бағамы сияқты пәрменді сыртқы ықпалдар тұрақталды. Осындай жағдайда биылғы ақпан айынан бері теңге нығая бастады, бұл үдеріс осы айда жалғасты. Біз ұлттық валюта бағамындағы ауытқу айтарлықтай төмендегенін және оның 1,6%-ға нығайғанын байқап отырмыз, – деді Ұлттық банк төрағасы. Сонымен қатар, Д.Ақышев салымдарды долларсыздандыру үрдісі басталғанын айтты. – Ел тұрғындары мен кәсіп­орын­дар ұлттық валютадағы са­лым­дарын біртіндеп көбейте бас­тады. Осы айда бұл үрдіс күрт же­дел­деді, – деді Ұлттық банк төрағасы. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАВ.