• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2016

Бірінші сессиядағы алғашқы бюро отырысы

232 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жетекшілігімен палатаның осы сессиядағы алғашқы бюро отырысы өтті. Онда Мәжілістегі саяси пар­тия­лардың, атап айтатын болсақ, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия­сы­ның, Қазақстан Коммунистік халық партиясының фракциялары ресми тір­кеуге алынды. Сонымен қатар, бюрода Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары Гүлмира Исімбаева мен Владимир Божко арасында өзара міндеттерді бөлу мәселелері де назардан тыс қал­мады. Сондай-ақ, палата бюросының қау­лысымен осыған дейін Аппарат басшы­сының орынбасары қызметін абыроймен атқарған Жаслан Жүгінісов Парламент Мәжілісі Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.