Алтай Сейдірұлы КӨЛГІНОВ
1978 жылы туған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Ағылшын, түрік тілдерін меңгерген. Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (департаментінің) бас маманы, прокуроры болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаментінің басқарма бастығы лауазымдарында қызмет атқарды. «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымдарына тағайындалған. 2013 жылғы сәуірден – Орал қаласының әкімі.
•
29 Наурыз, 2016
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
262 рет
көрсетілді