• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығы №243

453 рет
көрсетілді

2010 жылғы 12 шілде, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 88 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер ту­ралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-ба­бының 1-тармағын іске асыру мақсатында, бұйырамын: 1. «Өнеркәсіптік қауіпсіздік деклара­циясын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағ­дай­лар министрінің 2009 жылғы 29 мамыр­дағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құ­қықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4759 тіркелген, Қазақстан Рес­публикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілері жинағында 2007 жылғы маусымда жа­рияланған), келесі толықтыру мен өзге­рістер енгізілсін: Қазақстан Республикасы Төтенше жағ­дайлар министрінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 88 бұйрығымен бекітілген, Өнеркәсіптік қауiпсiздiк декларациясын әзірлеу ережесі: Келесі мазмұндағы 4-1 тармағымен толықтырылсын: «4-1. Қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы уәкілетті органның шешімі қауіпті өндірістік объекті иесінің сараптамалық қорытынды қосымшасымен бірге ерікті түрде берілген, арызы негізінде беріледі»; 7-тармақтың бірінші абзацында «Бекітілген қауіпсіздік декларациясы өнеркә­сіп­тік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне сараптамадан өткізуге жіберіледі» сөздері «Қау­іпсіздік декларациясы уәкілетті органмен аттестатталған ұйымда сарапталуға жа­тады» сөздеріне ауыстырылсын; 8-тармақтың 1-бөлімі келесі редакцияда жазылсын: «Уәкілетті органға тіркелу үшін декларация жоба құрамында немесе жеке құжатпен қағаз және электронды тасымалдағышта екі данада ұсынылады»; 8-тармақтың 3-бөлімі алынып тас­тал­сын; 3-тарау алынып тасталсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын ба­қылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдай­ларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мем­лекеттік бақылау комитетінің төра­ға­сы С.Б. Ахметовке жүктелсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жа­рияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі В. БОЖКО. ------------------------------ Бұйрық Қазақстан Республи­касы­ның Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6392 болып енгізілді.