• RUB:
    5.18
  • USD:
    481.19
  • EUR:
    538.45
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2016

«Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасында ойнамайтын болды

407 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 29 наурыз. Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы келесі маусымда Ресейдің Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетпейтін болды. Бұл туралы sportfakt.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Сарыарқа» клубы басшылығының шешімі бойынша команда келесі маусымнан бастап премьер-лигада ойнайды. Қазақстандық ұжым Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін «Авангард» (Омбы) командасының фарм-клубы. Айта кетейік, «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасындағы азулы клубтардың бірі. Команда 2014 жылы турнирдің басты жүлдесі – «Братина» кубогын жеңіп алған. Ал биылғы маусымда қарағандылық хоккейшілер  чемпионаттың жартылай финалында өнер көрсетуде. Қайрат Әбілдинов. Дерек: sportfakt.ru. Фото: doda.egemen.kz.