• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Наурыз, 2016

Жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін емтихан болмайды

518 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 наурыз. Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев жүргізушілерге куәліктерінің мерзімі біткен соң оны ауыстыру үшін емтихан тапсырмайтынын айтты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. «Жүргізушілер куәліктерінің уақыты аяқталған соң жаңа куәлікті емтихан тапсырмай алатын болады. Қазір Мәжілісте осы мәселеге қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Депутаттар жаңа куәлік алу үшін емтихан тапсыру керек деген бапты алып тастауды ойластырып отыр. Ал, мерзімі өткен куәліктерді өткізуге бір жыл уақыт беріледі», деді ол. Сонымен бірге ол Ішкі істер министрлігінің Астана, Аламты, Қарағанды, Қостанай мен Павлодар қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтардың тіркелген жеріне қарамастан жүргізуші куәлігін беру мәселесін де қарастыратынын атап өтті. Дастан Кенжалин. Дерек: Ішкі істер министрлігі. Сурет: egemen.kz