АСТАНА. 30 наурыз. Беларусьтің халық ақыны Нил Гилевич 85 жасында қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ол ақындығымен қатар, әдебиеттанушы, аудармашы ретінде де танылған. 1980 жылы еңбек сіңірген ғылым қайраткері атанса, 1991 жылы Беларусьтің халық ақыны атағы берілген. Ұзақ жылдар бойы Беларусь мемлекеттік университетінде дәріс оқып келді. Сондай-ақ, «Звязда» газетінде әдеби кеңесші қызметін атқарған. Әдебиет саласынан бөлек саясатпен де айналысқан. Беларусь фольклорын және мәдениетін зерттеген.
Ол халық ақыны атағын иеленгендердің ішіндегі ең соңғысы болатын. Осыған дейін бұл атақты сегіз ақын иеленген. Олар Янка Купала, Якуб Колас, Петрусь Бровка, Аркадий Кулешов, Максим Танк, Пимен Панченко, Рыгор Бородулин және Нил Гилевич.
2013 жылы жазған өлеңдерінің соңғы томы шыққан.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: belaruspartisan.org.