АСТАНА. 1 сәуір. Елбасы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге бұрынғы вице-канцлер, сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншердің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Жеделхатта мемлекет қайраткері Ганс-Дитрих Геншердің бүкіл өмірін Германия халқының бірлігі жолына арнағаны атап өтілген.
«Қазақстан халқы Ганс-Дитрих Геншердің екіжақты достық қарым-қатынастарды орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан ірі тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын болады», – делінген жеделхатта.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ганс-Дитрих Геншердің отбасы мүшелеріне, бүкіл Германия халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: akorda.kz.