• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
06 Сәуір, 2016

Alatau Invest Capital машина құрастыру өндірісін қолдайды

373 рет
көрсетілді

Alatau Invest Capital мен Қостанайдағы AllurGroup компаниясы арасында инвестиция тарту және стратегиялық серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Екіжақты меморандум  жолаушылар автомобильдері, жеңіл коммерциялық және ауыр жүк машиналары, автобустар өндірісін ілгерілету, Қостанайда жалпы ауданы 400 гектар болатын индустриялық аймақты  дамыту, ғылыми-зерттеу және конс­трукторлық база құру бағыт­­­тарына инвестиция тарту мәсе­лелерін қамтиды. – Біз ең ірі қазақстандық AllurGroup инновациялық компаниясымен Қостанайдың индус­триялық аймағы аясында ав­токөлік өндірісін дамыту үшін бірлесіп жұмыс істейміз. Бұл  толық орындалатын міндет. Мы­салы, SsangYong Nomad маркалы автомобильдердің отандық бөліктері бүгіннің өзінде шамамен 40 пайызға жетті, коммерциялық модельдерде бұл деңгей 50 пайыз болады. Біз Қазақстанда өндірілетін қосалқы бөлшектердің түрін көбейтпекпіз, демек, біз­дің елімізде шығарылатын авто­мо­бильдердің қазақстандық бөлігін арттырсақ дейміз, – деді Alatau Invest Capital-дың басқарушы серіктесі Қайрат Сатыбалдыұлы. AllurGroup директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевтің айтуынша, компания 2018 жылдан бастап Қостанайдағы индустриялық аймақ  аясында, соның ішінде экспортқа шығару үшін жылына 40 мың автомобиль құрастыруды жоспарлап отыр. – 2022 жылға дейін өнім шығарудың ортақ көлемі 700 миллиардтан астам теңгені құрайды, оның ішінде 7 жылдың ішінде тек экспорт көлемі шамамен 418 миллиард теңге болады.  Бұл  жоспарларды іске асыру үшін 500-ден астам жаңа білікті жұмыс орнын құру қажет болады, ал жергілікті өндіріс деңгейі 50 пайызға жетеді, – деді Андрей Лаврентьев. Меморандумға қол қою шарасына қатысқан Қостанай облы­сының әкімі Архимед Мұхам­бетов инвестиция тарту жөніндегі меморандум зауыт жұмысына жаңа серпін беретінін айтты. – Индустрияландыру бағ­дар­ламасы бойынша облыста 81 инвестициялық жоба жүзеге асы­рылады, соның ішінде 4 жоба автомобиль жасау ісіне қатысты. AllurGroup зауыттары тұрақты дамып келеді, олар өндірісті ретке келтіріп, автомобиль жасауды дамытуда инвестиция тартып қана қоймай, бүкіл аймақтың  дамуына жағдай жасайды», – деді Архимед Мұхамбетов. Аталған жобалар Кеден одағы елдерінде ғана емес, халықаралық нарықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағыт­талған. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.