АСТАНА. 8 сәуір. Египеттің Синай түбегіндегі Рафах қаласы мен Шейх Зуайед аймағында лаңкестердің әрекетінен 7 адам қаза тапты. Бұл туралы segodnya.ua-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Лаңкестер жарылғыш заттарды жол жиегінде іске қосқан. Салдарынан тағы 15 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды. Олар жақын жердегі ауруханалардың біріне жеткізілді. Опат болғандардың арасында 6 әскери қызметкер мен бір әйел адам бар.
Террорлық шабуылды ТГИЛ содырлары өз мойнына алды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиға орнында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Аян Әбдуәли.
Дерек: segodnya.ua.
Фото: 24.kz.