• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1495

415 рет
көрсетілді

2010 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жергілікті атқарушы органдардың Қазақ­стан Республикасындағы тұрғын үй құрылы­сының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­ламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 711 қаулы­сына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дар­­ламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесінде: мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толық­ты­рылсын: «14-1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі шаралар тура­лы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлы­ғы­ның негізінде мемлекеттік қызметі тоқта­тылған, оның ішінде: 1) Қазақстан Республикасындағы тұр­ғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған тұрғын үйді сату туралы Тұрғын үй комиссиясының оң шешімі бар; 2) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құ­рылысының 2008-2010 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатуға үміткерлерді алдын ала іріктеуден өткен; 3) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімімен бекітілген төлемге қабілеттілігін оң бағалау туралы қарыз берушінің хабарламаларын алған­нан кейін іріктеуден өткен өтініш берушілердің тізімінде тұрған мемлекеттік қызметшілердің тұрғын үйді сатып алуға құқығы сақталады.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ.