• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1474

403 рет
көрсетілді

2010 жылғы 30 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы №6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қа­зақ­стан Республикасы Ұлттық Банктің және Қа­зақстан Республикасы Қаржы нарығын және қар­жы ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің Эконо­миканы және қаржы жүйесін тұрақтан­дыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөнін­дегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы №6 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республи­ка­сы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республи­касы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөншдегі іс-шаралар жоспарында: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы пробле­ма­ларды шешу жөніндегі қолданыстағы тетіктерді іске асыру» деген бөлімде: реттік нөмірі 4-жолда: екшші абзацта: «пайдалануға берілетін тұрғын үйдің үштен бір бөлігі (барлығы 2124 пәтер)» деген сөздер «пайдалануға берілетін тұрғын үй (барлығы 2224 пәтер)» деген сөздермен ауыстырылсын; «кейіннен» деген сөз «мынадай тәртіппен: 1) 2124 пәтерді кейіннен орталық мемлекеттік органдардың арасында бөлу» деген сөз­дермен ауыстырылсын; «тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметші­лердің арасында қайта бөлуі мүмкін.» деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «2) кейіннен «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ (бұдан әрі – «ҚазҰӨУ» ММ) профессор-оқытушылық құрамының арасында бөлу үшін 100 (жүз) пәтер. Бұл ретте, кейіннен «ҚазҰӨУ» ММ профес­сор-оқытушылық құрамының арасында бөлу үшін көрсетілген 100 (жүз) пәтер жалдау шар­тымен берілетін болады. Тұрғын үй беруге ұсыныс жасалған (жалдау шарттарымен) «ҚазҰӨУ» ММ профессор-оқыту­шылық құрамы қызметкерлерінің тізімі жыл сайын «ҚазҰӨУ» ММ-ның тұрғын үй комис­сиясы отырыстарының хаттамаларымен бекітіледі және «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК-ға тапсырылады. Жалдау (жалға алу) шарттары бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады, бұл ретте жалдау (жалға алу) шартын бұзуға негіз болмаған жағ­дайда «ҚазҰӨУ» ММ ұсынатын тізімге сәйкес ол келесі мерзімге ұзартылуы мүмкін. «ҚазҰӨУ» ММ профессор-оқытушылық құра­мы­ның қызметкері берілген пәтерден бас тартқан жағдайда «ҚазҰӨУ» ММ оны қайта бөлуі мүмкін. Пәтер «ҚазҰӨУ» ММ профессор-оқытушы­лық құрамы қызметкерінің жалдау (жалға алу) шартының талаптарын орындамауына байланыс­ты және өзге де себептер бойынша босатылған жағдайда «ҚазҰӨУ» ММ оны тұрғын үйге мұқтаж «ҚазҰӨУ» ММ профессор-оқытушылық құрамының өзге қыз­меткерлері арасында қайта бөлуі мүмкін.». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жариялан­ға­ны­нан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   К.МӘСІМОВ.