АСТАНА. 10 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Республикасының премьер-министрі Нарендра Модиге Керала штатында болған өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Жеделхатта көптеген адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтты.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: akorda.kz.