• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №23

228 рет
көрсетілді

2015 жылғы 16 наурыз, 6 Астана қаласы «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Қ.ҚАСЫМОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ____________________Ә.Исекешев 2015 жылғы «___» ______________ «КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы __________________М.Құсайынов 2015 жылғы «___» _________ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу кұқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызмет: 1) Министрліктің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші); 2) «электрондық үкіметтің» www.еgov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап: лицензия берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес; лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес; лицензияның телнұсқасын берген кезде – 2 (екі) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместік фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап береді. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық. 6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – күзет қызметімен айналысу құқығына заңды тұлғаларға берілген лицензия, оны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасы не лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, басылып шығарылады және мөрмен әрі қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады. 7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 67-тарауына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушылардан қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алты айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) көлемінде лицензиялық алым (бұдан әрі – лицензиялық алым) алынады. Көрсетілетін қызметті алушылар күзет қызметін жүзеге асыруға лицензияны қайта ресімдеген кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлемеден он пайыз көлемінде, бірақ лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген төлемнен төрт АЕК-тан көп емес мөлшерде алынады. Лицензияның телнұсқасын алған кезде лицензиялық алым лицензияны беру кезінде лицензиялық алымды төлеу күніне белгіленген мөлшерлемеден жүз пайыз мөлшерінде алынады. Алым сомасы лицензиялық алым көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша бюджетке лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30 дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30 дейін. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру сағат 13-00-ден 14-30 дейін түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30 дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілет қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) лицензия үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған); көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес мәліметтер мен құжаттар: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны; еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі; психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамасы; өз қызметінде қару мен оқ-дәрілерді пайдаланатын жеке күзет ұйымдарында оларды сақтауға арналған үй-жайлар (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған шарт) болған кезде: сақтау және/немесе жалға алу шартының көшірмесі қажет; 2) лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған); 3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған); Портал арқылы жүгінген кезде: 1) лицензия үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; сұрау салуға тіркелетін психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің медициналық анықтамасының электрондық көшірмесі; өз қызметінде қару мен оқ-дәрілерді пайдаланатын жеке күзет ұйымдарында оларды сақтауға арналған үй-жайлар (не белгіленген талаптарға жауап беретін үй-жайларда оларды сақтауға арналған шарт) болған кезде: сақтау және/немесе жалға алу шартының электрондық көшірмесі; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген лицензия үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі қажет. 2) лицензия бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияны қайта ресімдеу үшін мынадай құжаттар қажет: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген лицензияны қайта рәсімдеу үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі; 3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын алу үшін жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; лицензия телнұсқасы үшін ЭҮТШ арқылы жүргізілетін төлемді қоспағанда мемлекеттік баждың төленгендігі туралы түбіртектің электрондық көшірмесі. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын растайтын, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы, лицензия туралы, соттылығының болмауы туралы, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмағандығы туралы құжаттардың мәліметтерін қызметті көрсетушінің қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғандығы туралы мәртебе жолданады. 10. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасының заңдарымен осы санаттағы субъектілер үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысуы; 2) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; 4) көрсетілетін қызметті алушының келісуші мемлекеттік органның лицензия беруге келісім хатын ұсынбауы; 5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы; 6) сот орындаушысының ұсынысы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге тыйым салуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады. 3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның уәкілетті лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым: 1) Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына; 2) Министрліктің Әкімшілік полиция комитеті басшысының атына; 3) Министрлік басшысының атына беріледі. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса көрсетілген қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті алушының кеңсесінде қолма-қол беріледі. Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады. Портал арқылы электрондық шағым жібергін кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы, қаралуы немесе қараудан бас тартылуы туралы белгілер) жаңартылатын ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады. 14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. 15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда «жеке кабинеті арқылы», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының телефоны (1414) арқылы ұсынылуы да мүмкін. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Мәліметтер нысаны лицензия бойынша (күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру) 1. Жалпы ақпарат 1._____________________________________________________________________________________________ (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) (салық тіркеу нөмірі) 2._____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) 2. Күзет ұйымының басшысына, сондай-ақ олардың филиалдарының басшыларына қойылатын біліктілік талаптары туралы мәліметтер 3._____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (мамандығы мен біліктілігі) 4._____________________________________________________________________________________________ (лицензияланатын қызмет түрінің бейіні бойынша жоғары білімі туралы дипломның № және берілген күні) 5._____________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________ (оқу орнының атауы) 6. ____________________________________________________________________________________________ (жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі күні) 7.____________________________________________________________________________________________ (арнайы бағдарлама бойынша даярлық курстарынан өтуі туралы куәліктің №) 8.____________________________________________________________________________________________ (арнайы бағдарлама бойынша курстардан өтуі туралы куәліктің берілген күні) 9.____________________________________________________________________________________________ (даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу орталығының атауы) ____________________________________________________________________________________________ 10.____________________________________________________________________________________________ (даярлау және біліктілігін арттыру бойынша мамандандырылған оқу орталығының занды мекенжайы) 11.____________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________ (денсаулық сақтау ұйымының атауы) 12.____________________________________________________________________________________________ (соттылығы жоқтығы туралы анықтаманың № және берілген күні) 3. Уәкілетті органның келісуі туралы мәліметтер 13.____________________________________________________________________________________________ (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің келісу хатының № және күні) 4. Лицензиялық алымды төлеу 14.____________________________________________________________________________________________ (төлем сомасы) 5. Құжаттарды қоса беру (қосымша) 15.____________________________________________________________________________________________ (төлем түбіртегінің №) 6. Тапсырысты қабылдаған лауазымды адамның жауапкершілігі 16.____________________________________________________________________________________________ (тапсырысты беру күні) ______________________________________/ __________________ Тапсырысты қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә қолы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11143 болып енгізілді.